Алматыдағы жаңа терренкурдың құрылысы қалай жүріп жатыр?

919

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа терренкурдың құрылыс барысы туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz.  

Алматыдағы жаңа  терренкурдың құрылысы қалай жүріп жатыр?

Оның айтуы бойынша, Есентай өзеніндегі жаңа қалалық променадтың бірінші учаскесінде ұзындығы 1,8 шақырым жаяу жүргіншілер жолын реттеу мен жағалауды бекіту жұмысы аяқталды. Есентай өзенінің арнасы бойындағы жаяу жүргіншілер аймағының жалпы ұзындығы (су бөлгіштен Жамақаев көшесіне дейін) 4,2 шақырым болады. 

"Көгалдандыру үшін 3 мыңнан астам бұта мен 3 мың шаршы метрге жуық жерге көпжылдық өсімдіктерді егеміз. Қарағай, шар тектес акация мен үйеңкі, арша мен лаванда ерекше микроклимат орнатып, ауаға фитонцид бөледі. Ағаштан жасалған 800 метр жаяу жүргінші жолы мен 1,6 шақырым тас жол салынды. Енді экологиялық таза материалдардан жасалған  орындықтарды қою қажет", - деп жазды мегаполис әкімі Instagram-дағы аккаунтында.

Қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік туралы айтты. 

"Бұл жердегі Есентай өзенінің ағысы қатты. Су тасқыны кезінде қауіпті. Сондықтан серуендеу аймағын ұйымдастыру және осы жердің табиғи ортасын барынша сақтай отырып, өзен арнасын нығайту міндет", - деді ол. 

Ресми өкілдердің айтуы бойынша, серуен жолы болашақта Медеуге дейін созылады. 
"Қала тұрғындарына жаяу жүруге, спортпен шұғылдануға және туристерге жағымды әсер алуға барынша ыңғайлы жағдай жасалады", - деді Сағынтаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу