Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
"Әлеуметтік және спорттық бағыттағы объектілердің "жақын орналасуын" қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыс жалғасуда. Осы жылдың ІІІ-ші тоқсанында "Жас Қанат" шағын ауданында (жалпы ауданы 7,4 мың м2) бір ауысымда 150 адамды қабылдайтын заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады. Сондай-ақ осы жылдың сәуір айында Майлин көшесі, 42 А мекенжайында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды", – деді қала әкімі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу