Алматыдағы Жас Қанат ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйден өрт шықты

704

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Алматыдағы Жас Қанат ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйден өрт шықты

29 маусым күні сағат 13:28-де өрт сөндіру бөлімшелеріне Түрксіб ауданы, Жас Қанат ықшам аудандағы 138 үйде өрт шыққаны туралы ақпарат түскен, деп жазды inbusiness.kz.

"Алғашқы бөлімшелер шақыру орнына 4 минут ішінде келді. Өйткені ол 1,5 шақырым жерде орналамқан. Газ-түтіннен қорғаушылар жалпы ауданы 150 шаршы метр жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған шаруашылық нысанның жануын анықтады. Дереу үздіксіз су берілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 20 минут ішінде ауыздықталып, 14-10 минутта сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 5 бірлік техника мен жеке құрамнан 18 адам жұмылдырылды", – деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу