Алматыдағы жекеменшік мектепте бала зорлау дерегі бойынша тексеріс жүргізіледі

713

Бірінші сынып оқушысына қатысты мән-жайды білу үшін Білім министрлігінің өкілдері Алматыға келді, деп жазды inbusiness.kz.

Алматыдағы жекеменшік мектепте бала зорлау дерегі бойынша тексеріс жүргізіледі

Олар оқушының отбасына барып, қажетті көмек көрсетуді көздеп отыр.

Алматы қалалық полиция департаменті баланың әкесі құқық қорғау органдарына 21 сәуірде арызданғанын хабарлады. Тергеу жүріп жатыр, сараптамалар тағайындалды.

"Тергеу нәтижесі бойынша әрі қарай шаралар қабылданатын болады. Сараптама нәтижесін күтуіміз керек. Құқық қорғау органдарымен байланыста боламыз", – деп жазылған БҒМ таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, Алматыдағы жеке меншік мектептердің бірінде оқитын бірінші сынып оқушысының әкесі баласының оқу ордасында зорланғанын мәлімдеген. Бұл туралы "Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жазған. Кейін қалалық полиция департаменті аталған іске қатысты тексеріс басталғанын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу