Алматыдағы ЖЭО-2 енді газбен жылытылады

717

Қолданыстағы қазандықтар қайта құрылады. 

Алматыдағы ЖЭО-2 енді газбен жылытылады

Бұл туралы шаhар басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. 

"Көптен күткен Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру туралы шешім қабылданды. Қолданыстағы қазандық агрегаттарын қайта құру арқылы қоршаған ортаға күкірт тотығы мен күлдің бөлінуіне жол берілмейді. Ауаға бөлінетін азот тотығы мен көмірқышқыл газының мөлшері де едәуір азаяды. Жоспар бойынша жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады", – деді ол. 

Еске сала кетсек, Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру экологтар мен қоғам белсенділерінің ең жиі талқылайтын мәселесіне айналған. Энергетикалық кешен айналасы көмір күліне толып, ауаға зиянды қалдықтар таратып келген. Алдағы бес жылда бұл мәселе толық шешілмек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу