Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға көшіру үшін әкімдік 600-ден аса жер учаскесін сатып алмақ

Олар құбыр тарту үшін керек. 

Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға көшіру үшін әкімдік 600-ден аса жер учаскесін сатып алмақ Фото: azattyq-ruhy.kz

Алматы облысында ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті газбен қамтамасыз ету үшін Алматы-Байсерке-Талғар газ құбыры екінші желісінің құрылысы басталады.

Ол үшін Қарасай ауданынан 612 жер телімін сатып алу қажет.

Алматы облысының әкімдігі 2014 жылы Алматы-Байсерке-Талғар газ құбырының бірінші желісінің құрылысы аяқтаған болатын.

2016 жылы облыс әкімінің қаулысымен қашықтық аймағы – 150 метр және күзет аймағы – 25 метр белгіленді. Қазіргі уақытта Алматы қаласында орналасқан ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті газбен қамтамасыз ету үшін екінші желіні тарту қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу