Алматы электр желілерінің инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Сағидолла Алматы ЖЭО-2 газбен жұмыс істейтінін, еуропалық талаптарға сай салынатынын мәлім етті.
Айтуынша, кәсіпорын мердігерді таңдауға тендер жариялаған. Нәтижесінде екі қытайлық компания екінші кезеңге өтті.
Жобаның бірінші кезеңі 2024 жылдың желтоқсанында аяқталады, ал ЖЭО-2-ні желіге толық қосу 2026 жылға жоспарланған.
"Жобаның құны 324 млрд теңгені құрайды", – деді спикер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу