4 наурызда болған жерасты дүмпуінен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі экономика және жоғары бизнес факультетінің 2-қабатындағы қабырғаларына жарықшақ түскен.
Видеоны студенттер жүктеген. Алайда, ЖОО әкімшілігі әзірге нақты түсініктеме беруге асықпады.
ЖОО баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған ақпарат нақтыланған жоқ. Ғимараттарға ешкім қайтадан кірмеді. Дәрістер тоқтатылып, студенттер үйлеріне қайтарылған.
Ал, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әкімшілігі жер сілікінісі салдарынан оқу ғимараттары мен жатақханаларда жарықтар пайда болғанын растады.
"Жер дүмпуінен оқу ғимараттары мен жатақханалардың кейбір жерлерін де болар болмас жарықтар пайда болды, бірақ айтарлықтай зақымданулар анықталған жоқ. Видеода университеттің 425 аудиториясы көрсетілген. Онда аспалы төбенің бірнеше жеңіл тақтайшасы құлады. Қазіргі уақытта төбенің зақымданған жерін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Римма Абдықадырқызы.
Ал, жатақханаларда студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы кезекшілік ұйымдастырылып, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.