Алматыдағы жер сілкінісі: Саясат Нұрбек зардап шеккен ЖОО ғимараттары туралы айтты

397

Ведомство басшысы университеттердің ғимараттарына айтарлықтай зардап келмеді деп отыр. 

Алматыдағы жер сілкінісі: Саясат Нұрбек зардап шеккен ЖОО ғимараттары туралы айтты Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жер сілкінісі қандай ЖОО-лардың ғимараттары зардап шеккенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз талдау жұмыстарын жүргіздік. Расында да, кейбір ғимараттарда, оның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, тағы басқа университеттердің жатақханаларында жарықшақтар пайда болған. Біз арнайы сарапшыларды шақырттық. Жарықшақтар бар, олар қауіп-қатер туғызып жатыр деп айта алмаймыз. Бұл жағдайды бақылауға алдық. Барлық студент ғимараттардан уақытылы шығарылғаны өздеріңізге мәлім, - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Сөзінше, жөндеу жұмыстары университеттердің есебінен жүргізілетін болады.

Министр жер сілкінісі салдарынан ЖОО ғимараттарына келген залал мөлшері айтарлықтай емес екенін айтты.

"Залал сомасының мөлшері үлкен емес. Қандай да бір құрылымдық зақымдар болған жоқ", - деді Саясат Нұрбек.

Айта кету керек, осыған дейін Алматыдағы жер сілкінісі кезінде бірнеше ғимарат зардап шеккенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу