Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жер сілкінісі кезінде зардап шеккен үш ересек адам барлық қажетті медициналық көмек алып жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.
"Үш науқас қалалық жедел шұғыл көмек ауруханасында емделіп жатыр. Біреуінің халі ауыр, екеуінің жағдайы орташа. Барлық сырқаттанғандар толық көлемде қажетті медициналық көмек алады", — деп түсіндірді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Сонымен қатар, балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығында 4 бала ем алып жатыр. Олардың жағдайы орташа және тұрақты. Сондай-ақ, барлық қажетті емдеу толық көлемде алынатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу