Алматыдағы жерсілкінісінде қанша бала жарақат алғаны белгілі болды

448

Зілзаладан зардап шеккендер медициналық көмектің толық көлемін алып жатыр.

Алматыдағы жерсілкінісінде қанша бала жарақат алғаны белгілі болды Фото: Inbusiness.kz

Екі науқас травматология және ортопедия бөлімшесінде жатыр, жағдайы орташа ауыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

"2024 жыл 23 қаңтардың сағат 17:00-дағы жағдай бойынша Алматы қаласының ауруханаларына 67 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 55-сі ересек, 12-ы бала. Сегіз адам ауруханаға жатқызылды (үш ересек және 5 бала), қалған науқастар барлық қажетті тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді", - делінген хабарламада.

Үш ересек науқас Қалалық жедел  шұғыл көмек көрсету ауруханасында жатыр. Науқастардың бірі отадан кейін жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Екі науқас травматология және ортопедия бөлімшесінде жатыр, жағдайы орташа ауыр.

"Балалар жедел медициналық жәрдем орталығында төрт бала: 6 және 7 айлық, 7 және 16 жастағы балалар медициналық көмек алып жатыр. Олардың барлық жарақаты үйде құлау салдарынан болған. Сәбилерге келетін болсақ, бір сәби анасының құшағынан, екіншісі бесіктен құлаған. Барлық баланың жағдайы орташа тұрақты деп бағаланады. Олар нейрохирургия және травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Хирургиялық ота жасалмады, емі консервативті болды", - делінген хабарламада.

ЖРВИ диагнозы қойылған 17 жастағы бір бала Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу