Алматыдағы жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жұма күні орын алады

1167

Бұл жол апаттарының себептеріне талдау жасау барысында анықталды.  

Алматыдағы жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жұма күні орын алады

Биылғы жылдың сегіз айында қалада адамдар жарақат алған жол-көлік оқиғаларының саны 40,1%-ға төмендеді. Жол апаттары салдарынан қайтыс болғандар саны 42,3% және жарақат алғандар саны 41,6% азайды. 

Өкінішке қарай, жыл басынан бері ЖКО-ларда 56 адам қайтыс болды. Оның 21-і жүргізушілер. Атап айтқанда екі мопед, үш мотоцикл, бір квадроцикл жүргізушісі, тоғыз жолаушы, 25 жаяу жүргінші, бір велосипедші жолда бақилық болған. 

"Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі: маневр жасау ережелерін бұзу – 649 жағдайда немесе 35,3% (қаза тапқандар – 16, жарақат алғандар – 755), ауылада қозғалыс жылдамдығын асыру – 546 оқиға немесе 29,7% (қаза тапқандар – 28, жарақат алғандар – 616), жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу – 173 жағдайда немесе 9,4% (қаза тапқандар жоқ, жарақат алғандар – 179)",  деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев. 

Спикердің айтуынша, ең көп орын алатын жол-көлік оқиғаларының түрлері: 

• жаяу жүргіншімен соқтығысу – 767, (жүргізушінің кесірінен – 631, жаяу жүргіншінің кінәсінен – 8). Оның 24- і қайтыс болған. Ал 770-і жарақат алған; 

 •көліктің жанынан соғу – 364, 7 адам қаза тапты, 479 ада жарақат алды; 

• кездейсоқ соқтығысу – 304, 9 ада. қаза тапты, 420 адам жарақат алды.

Жол-көлік оқиғаларының көбі сағат 06: 00-ден 22: 00-ге дейінгі аралықта орын алған. Яғни, жыл басынан бері аталған уақытта 1481 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 34-і қайтыс болды, 1677 адам жарақат алған. 

Жол апаттарына талдау жасау барысында жұма күндері мұндай оқиғалар жиі болатыны анықталған. 
Мәселен жұма күндері 291 жол-көлік оқиғасы, тіркелсе сәрсенбіде 280 жол-көлік оқиғасы, дүйсенбіде – 278 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу