Полиция мәліметінше, Howo жүк көлігінің жүргізушісі тежегіштің дұрыс жұмыс істемеуінен тізгінге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жол-көлік оқиғасы 26 сәуір күні, шамамен таңғы 9:50-де болған. Полиция адам өліммен аяқталған жол апатын растады.
– Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы кезекші бөлімінің хабарлауынша, бұл жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 09:50-де Медеу ауданында болған.
"Howo" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Нұрмағамбетов көшесімен батыс бағытта келе жатып, алдын ала мәлімет бойынша, тежегіш жүйесінің ақауына байланысты металл қоршауға және үш жеміс ағашына соғылған. Одан кейін көлік аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.