Алматыдағы зілзала: ТЖМ-нің 14 қызметкері жұмыстан босатылды

391

Қаңтар айында Алматыда болған жер сілкінісінен соң Төтенше жағдайлар министрлігінің 14 қызметкері жұмыстан босатылды.  

Алматыдағы зілзала: ТЖМ-нің 14 қызметкері жұмыстан босатылды Фото: aa.com.tr

Олардың бәрі ТЖМ қызметтік тергеуінен соң Алматыдағы жер сілкінісі кезінде уақытылы әрекет жасамағаны үшін жазаланған, деп жазады inbusiness.kz.

"Алматы қаласында жер сілкінісі кезінде бөлімшелердің тиісінше әрекет етпеу фактісі бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізген қызметтік тергеу нәтижесінде 14 қызметкер қатаң жауапқа тартылды. Оның ішінде министрліктің 4 басшысы, сондай-ақ олардың 5 орынбасары, 1 ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, аумақтық бөлімшенің басшысы және оның орынбасары бар", - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу