Алматыдағы зілзаланың күші неге елордада сезілді?

1255

БАҚ өкілдері Алматыда болған жер дүмпуі неге елордаға дейін жеткенін сұрады.

Алматыдағы зілзаланың күші неге елордада сезілді? Фото: inbusiness.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы жайтқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сейсмология үлкен ғылым екені белгілі. Жоғары дүмпу болды. Эпицентр Қырғызстан және Қытай шекарасында, 250-260 шақырым жерде орналасты. Афтершок жойқын болды. Рихтер шкаласы бойынша 6,5-7 балға жуық. Сол себептен ол Орталық Қазақстан да сезілді. Зілзаланың толқыны оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталды. Салдарынан біз мұнда (ред. – Астана) әлсіз болса да сезіндік", - деп түсіндірді министр.

Саясат Нұрбек Астананың Тұран жазығында орналасқанын еске салды.

"Бұл өте тұрақты, ескі платформа екенін айта кету керек. Сол себептен бұл толқын жай афтершок болды. Алаңдауға негіз жоқ", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу