Түнде Алматы зообағы аумағында өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Зообақ ішіндегі жалға алушыға тиесілі фотосалон бутигі мен жанында орналасқан серуендеуге арналған экскурсиялық электрмобильдер отқа оранған.
Өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақтағы өртті толық сөндірді.
Хайуанаттар бағының баспасөз қызметі зообақтың мүлкіне зиян келмегенін хабарлады. Қызметкерлер мен жануарлар арасында зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу