Алматыдан солтүстікке қарай 251 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі 28 қазан күні Алматы уақытымен 17 сағат 27 минут 29 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 251 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 8,3. MPV тербелісі – 3,6. Тереңдігі – 15 шақырым.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу