Бүгін, 23 қаңтарда сағат 18:09-да ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмология институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.1, ал MPV магнитудасы - 5,4. Эпицентрдің координаттары - 41.42° С. Е. 78.80° ш.б., тереңдігі - 5 км. MSK-64 шкаласы бойынша, ҚР аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу