Алматыдан 266 шақырым қашықтықта жер сілкінді

1161

Алматыдан 266 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі 5 қаңтар, таңертеңгі сағат 07.32-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 266 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты 9,9. Магнитудасы - MPV 4.3. Тереңдігі - 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар түскен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу