Алматыдан 282 шақырым жерде жер сілкінді

422

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4 болды. 

Алматыдан 282 шақырым жерде жер сілкінді Фото: top-fon.com

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісі 5 наурыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 06:29-да кезекті жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 282 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,4. Магнитудасы MPV - 4,4. Эпицентр координаталары - 41,10° солтүстік, 78,81° шығыс. Тереңдігі - 10 км", - деп хабарлады сейсмологтар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу