Алматыдан 29 шақырым қашықтықта жер сілкінді

1398

Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.  

Алматыдан 29 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан батысқа қарай 29 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі 27 қазан күні Алматы уақытымен 12 сағат 14 минут 05 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 29 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 8,2. MPV тербелісі – 3,6. Тереңдігі – 15 шақырым.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу