Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 08.04 минутта "ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ" ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 301 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.1, магнитудасы – 4,6. Тереңдігі – 0 шақырым. Жер асты дүмпулері сезілген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу