ҚР ТЖМ СОМЭ ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жер сілкінісі 8 қарашада Алматы уақытымен 00 сағат 09 минутта болған. Жер сілкінісінің ошағы Қытай территориясында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 13.3.
 - Магнитудасы: 6.1.
 - Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматыда, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында - 2 балл.
 
Бұған дейін 11 қазанда магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 249 шақырымда - Алматы облысының аумағында тіркелген болатын.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу