2 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 5 сағат 47 минут 10 секундта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі.
"Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 345 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11.2. MPV тербелісі – 4.9. Тереңдігі – 5 шақырым", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу