Алматыдан 386 шақырым қашықтықта жер сілкінді

421

Зілзала ошағы Қытай аумағында орналасқан.

Алматыдан 386 шақырым қашықтықта жер сілкінді Фото: tengrinews.kz

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 25 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 19:48 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 386 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 11.3.

MPV магнитудасы – 5.2.

Эпицентр координаттары – 44.79° с.е. 81.19° ш.б.

Тереңдігі – 30 шақырым.

Сезілуі жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Сондай-ақ, кешкі сағат 19:13 шамасында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 625 шақырым қашықтықта тағы бір жер сілкінісі болды.

Қытай аумағында тіркелген зілзаланың магнитудасы - 5.0. 

10 шақырым тереңдікте болған. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу