Алматыдан 445 шақырым қашықтықта жер сілкінді

194

Жерасты дүмпуінің ошағы Қытай аумағында орналасқан. 

Алматыдан 445 шақырым қашықтықта жер сілкінді Фото: pixabay.com

Бүгін таңертең Алматыдан 445 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 8 сәуірде таңғы сағат 4:20-да жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 445 шақырым жерде - Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9. MPV магнитудасы 4,1. Тереңдігі 10 шақырым", - делінген хабарламада. 

Қазақстандықтар жер сілкінісін сезген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу