Алматыдан 45 жігіт әскери борышын өтеуге Өскеменге жіберілді

913

Олар осыған дейін психологиялық тест тапсырып, медициналық тексеруден және денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткен.

Алматыдан 45 жігіт әскери борышын өтеуге Өскеменге жіберілді

Алматыда 45 азаматты Өскемендегі әскери бөлімге шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Осы жылы күзде Алматыдан қарулы күштер қатарына және басқа да әскери бөлімдерге 1500-ден астам адам жіберіледі. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда қазір жастардың белсенділігі жоғары. Кейбіреулері шақырту алмай-ақ өздері келіп жатыр. Академиялық демалыс алып кетіп жатқандары да бар. Бұл қуантарлық жағдай", – деді Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Амантай Үсербаев.

Отан қорғаушыларды шығарып салуға олардың туыстары мен достары келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу