Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жер асты дүмпулерін төтенше жағдайлар министрлігі ҰБТКМ сейсмикалық станциялар желісі 22 сәуірде сағат 06:30-да тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 508 шақырым жерде орналасқан", – делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу