Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

175

Сілкіністің координаттары: солтүстік ендік 39.131°, шығыс бойлық 73.309°. 

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді Фото: КазТАГ

2025 жылғы 6 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 13:08-де Төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жерасты дүмпуі Тәжікстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 544 шақырым жерде және Ош қаласынан 134 шақырым қашықтықта орын алған.

Сейсмологиялық деректерге сәйкес, зілзаланың магнитудасы 4,9, ал тереңдігі бар болғаны 6 шақырым болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жер сілкінісі қазақстандық аумақта сезілмеген, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат тіркелмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу