"ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалары 25 қазанда Алматы уақытымен 23 сағат 15 минут 30 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 593 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық қуаты - 9.4. Тербелісі - 4,1, тереңдігі - 10 шақырым. Жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу