Алматыдан 609 км қашықтықта жер сілкінді

428

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 609 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында болды.

Алматыдан 609 км қашықтықта жер сілкінді Фото: egemen.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 17.24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11,1.

MPV магнитудасы - 4,9.

Тереңдігі – 15 км.

MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу