10 мамыр күні Алматы уақытымен 7 сағат 14 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 613 шақырым қашықта Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.8, магнитудасы – 4,2. Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған.
Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу