Алматыдан 64 шақырым жерде жер сілкінісі болды

391

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4 болған. 

Алматыдан 64 шақырым жерде жер сілкінісі болды Фото: kazpravda.kz

Дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:32-де Алматы маңында магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 64 шақырым жерде, 15 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7, эпицентрінің координаттары – солтүстік ендік 43,63 градус, шығыс бойлық – 77,46 градус.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу