Алматыдан 650 км қашықтықта жер сілкінді

383

Зізлзала ошағы Тәжікстан аумағында орналасқан.

Алматыдан 650 км қашықтықта жер сілкінді Фото: google.com

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 7 маусым күні таңғы сағат 03:54-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 650 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқаны. 

Энергетикалық санаты – 10.6. 

MPV магнитудасы – 4.8. 

Эпицентр координаттары – 37.97° с.е. 73.47° ш.б. 

Тереңдігі – 35 шақырым. 

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу