Геофизикалық зерттеулер институтының хабарлауынша, жерасты дүмпулері 11 қаңтар күні сағат 16:15-те сезілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– ҚР ҰЭО Геофизикалық зерттеулер институты мәліметтер орталығының шұғыл деректері бойынша, 2025 жылдың 11 қаңтарында Астана уақытымен сағат 16:15-те (Гринвич бойынша 11.15) Алматыдан солтүстік шығысқа қарай шамамен 77 шақырым қашықтықта жер сілкінді, – делінген хабарламада.
Эпицентрінің бағыты 43,59 солтүстік ендікте, 7780 шрадус шығыс бойлықта жатыр. Магнитудасы mb=3.8. Энергетикалық класы K=8.8.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу