Алматыдан 840 шақырым қашықтықта жер сілкінді

504

Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында орналасқан.    

Алматыдан 840 шақырым қашықтықта жер сілкінді Фото: google

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 11 сәуір күні Алматы уақыты бойынша сағат 9:37-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 840 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.5. 

MPV магнитудасы – 5,4. 

Эпицентр координаттары – 37,10° с.е., 71,10° ш.е. 

Тереңдігі – 150 км. 

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу