ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 7:44-те жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысында сезілді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырымда Қазақстан территориясында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. MPV магнитудасы - 4.0. Жер сілкінісінің координаттары – 49,27°ш.б. 84,91°с.е. Тереңдігі – 20 км", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу