Алматыдан Алакөлге аптасына тағы екі пойыз қатынайды

895

Бұған аталған бағыт бойынша сұраныстың артуы себеп.  

Алматыдан Алакөлге аптасына тағы екі пойыз қатынайды

"Алматы-2 – Достық" бағытындағы №211/212 пойызы аптасына екі рет қатынайды, деп хабаралайды inbusiness.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға сілтеме жасап.
Айталық, жолаушылар пойызы Алматы-2 станциясынан 2021 жылғы 1 шілдеден 9 тамызға дейін бейсенбі және дүйсенбі күндері аттанатын болады.

"Бұл вагондар ауа баптағышпен жабдықталған. Жалпы, Алакөл бағытында жаңа пойызды ескере отырып, 11 пойыздың қатынауы қарастырылған", – деп хабарлады Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтаннан – 3 пойыз;
Алматыдан – 5 пойыз (2020 жылы 3 пойыз болған, жаңа қосылған 2-ін қосқанда);
Шығыс Қазақстан облысынан – 2 пойыз және қала маңындағы – 1 пойыз.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу