Алматыдан Алакөлге қосымша пойыз шығады

1172

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жазда Алакөл бағытында қосымша коммерциялық жолаушылар пойызын іске қосады, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды. 

Алматыдан Алакөлге қосымша пойыз шығады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар тарапынан сұраныстың артуына байланысты жазғы маусымға аптасына екі рет қатынайтын "Алматы-2 – Достық" қатынасындағы № 221/222 қосымша коммерциялық жолаушылар пойызын тағайындалды", деп жазылған хабарламада.  

Тасымалдаушы ақпарына сәйкес, Алматы-2 стансасынан 2021 жылдың 15 маусымынан 28 тамызына дейін сейсенбі және сенбі күндері жөнелтіледі;

Ал Достық стансасынан келу мен жөнелтілу 2021 жылдың 16 маусымынан 29 тамызына дейін сәрсенбі және жексенбі күндері, Алматы-2 стансасына 2021 жылдың 17 маусымынан 30 тамызына дейін бейсенбі және дүйсенбі күндері  болады.

       

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу