Алматыдан әлемнің ең ірі 7 қаласына тікелей рейс ашылады

Бұл қаланың тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес жүзеге асырылмақ. 

Алматыдан әлемнің ең ірі 7 қаласына тікелей рейс ашылады Фото: canva.com

Осы арқылы Алматыға келетін туристердің санын айтарлықтай ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл Алматы халықаралық әуежайы жаңа 7 бағытқа әуе рейстерін тасымалдауды бастайды. Яғни, ел тұрғындары Франкфурт (Германия), Шанхай (Қытай), Гуанчжоу (Қытай), Мумбай (Үндістан), Чэнду (Қытай), Нью-Йорк (АҚШ) және Токио (Жапония) қалаларына Алматыдан тікелей ұша алады. Бұл бағыттарға туристерді тасымалдау 2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес қолға алынып отыр. 

Аталған қадам арқылы шетелдік туристердің саны 630 мыңнан 1,8 млн адамға дейін көбейеді деген үміт бар. Сонымен қатар, тағы 25,1 мың туризм саласының маманы жұмыспен қамтылуы ықтимал. 

Жоба "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға орналастырылған. Ол 19 ақпанға дейін жалғаспақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу