Алматыдан Бакудің хайуанаттар бағына бес жасар арыстан әкелінді

211

Хайуанаттар бағының жаңа "тұрғыны" бейімделу процесін аяқтады.

 Алматыдан Бакудің хайуанаттар бағына бес жасар арыстан әкелінді Фото: canva.com

"Симба" атты бес жасар арыстанның күшігі Алматы хайуанаттар бағынан Баку зоопаркіне әкелінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.

Арыстан карантиндік аймақта ветеринарлық бақылауда болды. Кейіннен зоопаркке әбден үйреніп, бейімделу процесінен сәтті өткен.

Ақпаратқа сәйкес, жыртқыш Алматы хайуанаттар бағымен халықаралық алмасу аясында Бакуге әкелінген.

Баку зоологиялық паркі биоәртүрлілікті сақтауға бағытталған бастамалар арқылы экожүйелерді қорғайды. Сондай-ақ оқыту мен білім беру іс-шаралары арқылы оның маңыздылығы туралы көпшілікті хабардар етіп отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу