Алматыдан Бангкокқа бет алған Air Astana ұшағы Делиге шұғыл қонды

232

138 жолаушысы бар ұшақ Алматыдан 01: 00-де ұшып шығып, штаттық режимде 05: 51-де Делиге қонған.

Алматыдан Бангкокқа бет алған Air Astana ұшағы Делиге шұғыл қонды Фото: Air Astana

18 желтоқсанда Алматы-Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындайтын ұшақ техникалық себеппен Дели әуежайына қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Air Astana әуе компаниясы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Барлық жолаушыға тамақ беріледі, уақытша визалар ресімделді, әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр. Сонымен қатар Бангкокқа рейсті жалғастыру үшін резервтік борт дайындалуда.

Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуе компанияның сөзсіз басымдығы болып табылады", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу