Алматыдан барған мамандар Ақтөбеде 16 әйелге операция жасады

800

Ақтөбенің перинаталдық орталығында өткен шеберлік сағатына аудандардан дәрігерлер келіп, өзара тәжірибе алмасты.

 Алматыдан барған мамандар  Ақтөбеде 16 әйелге операция жасады

Ақтөбеде репродуктивті хирургияны дамыту мәселелері талқыланды. Дәрігерлерді бедеуліктің белең алуы алаңдатып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Қазақстандағы әрбір 18-отбасы бала сүйе алмай жүр. Осы орайда репродуктивтік хирургияда заманауи эндоскопия әдісін жаппай қолдану жайы айтылды.

Еліміздегі ең алғашқы эндовидеохирургиялық операция осыдан 25 жыл бұрын Ақтөбеде жасалған еді. Бүгінде гинекология саласында жасалатын барлық операцияның 90 пайызында осы әдіс қолданып жүр.

Ақтөбенің перинаталдық орталығында өткен шеберлік сағатына аудандардан дәрігерлер келіп, өзара тәжірибе алмасты. Алматы қаласындағы репродуктивтік медицина институтынан келген жоғары білікті дәрігерлер 16 әйелге операция жасады.

"Қазір медициналық мекемелерде эндохирургия операцияларының үлесі артып келе жатыр. Біз бұған бірден қол жеткізген жоқпыз. Үлкен дайындық болды. Кейбір бөлімшелерде 80-90 пайызға жетті. Мысалы, балалар хирургиясында бұл әдіс өте жиі қолданылады. Тәжірибе алмасу арқылы дәрігерлердің біліктілігін арттырып, тың әдістермен танысамыз", - дейді облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Владимир Котлобовский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу