Алматыдан Екатеринбургке ұшақ қатынайды

1152

Жаңа рейсті жыл аяғында іске қосу жоспарланған.

Алматыдан Екатеринбургке ұшақ қатынайды

Ресейдің Ural Airlines әуекомпаниясы 22 желтоқсанда Екатеринбург пен Алматы арасында жаңа рейсті іске қоспақшы.

"A320" типті әуе кемелері аптасына екі рет қатынайтын болады. 

"Ұшақ Екатеринбургтен жұма және жексенбі күндері сағат 22.00-де, Алматыдан дүйсенбі мен сенбі күндері 07.15-те ұшатын болады. Ұшу уақыты - 3 сағат", – делінген ИИДМ азаматтық авиация комитеті таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу