Алматыдан Хельсинкиге тікелей әуе рейсі ашылып, Финляндияға қатынау жеңілдей түспек. Мұны Финляндияның еліміздегі елшісі брифингте мәлім етті.
Рейс 19 маусым күні іске қосылады. Бүгінде Солтүстік Еуропа елдерінің ішінде қазақ экономикасына ең көп инвестиция құйған осы мемлекет.
2005 жылдан бастап финляндиялық кәсіпкерлер Қазақстанға 295 млн доллар салған. Сондай-ақ биыл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының орнағанына 25 жыл толып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу