Алматыдан қашып кетпек болған бір топ тонаушы ұсталды

1251

Олардан сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақтар табылды.

Алматыдан қашып кетпек болған бір топ тонаушы ұсталды

Алматыдан қашпақ болған бір топ тонаушы ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Алматы қаласы комендатурасына сілтеме жасап.

"Медеу аудандық полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының бес тұрғынын ұстады. Олардан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақтар табылды. Күдіктілер бұл заттарды тонау жолымен алғанын мойындады", – деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ, ұсталғандардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдері, оқ өтпейтін киім мен қалқандары тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс сотқа жіберіледі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу