Алматыдан Қаскелең мен Ұзынағашқа қатынайтын автобустар жолға шықты

638

Жол ақысы қала ішіндегі сияқты 120 теңге, барлық автобус "Onay" электронды билеттеу жүйесімен жабдықталған.

Алматыдан Қаскелең мен Ұзынағашқа қатынайтын автобустар жолға шықты Фото: instagram.com/almaty_avtobustary

1 қарашадан бастап тағы үш қала маңы маршруты іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

№245 бағыты Ұзынағаш ауылының автобекетінен – Төле би-Яссауи автобекетіне дейін. Бұл бағытта үлкен сыйымдылықтағы 25 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс уақыты: 5:45-тен 23:00-ге дейін. Тасымалдаушы – "Ecobus service" ЖШС.

№254 автобус Қаскелең – "Сәлем" базары. Мұнда үлкен сыйымдылықтағы 16 автобус жұмыс істейді. Қозғалыс уақыты: 5:50-ден 23:00-ге дейін. Тасымалдаушы – "Мәдина" ЖШС.

№239 қоғамдық көлік "Б.Момышұлы" метро бекеті – Долан ауылы. Бұл бағытта 18 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс уақыты: 5:30-дан 23:01-ге дейін. Тасымалдаушы – "Neo City Trans" ЖШС.

Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, бұл маршруттар тасымалдаушыларға байқау өткізілгенге дейін уақытша берілді және сынақ режимінде жұмыс істейді.

Мониторинг нәтижесі бойынша маршруттардың қозғалыс сызбалары жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігіне қарай түзетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу