Алматыдан контрабандалық темекі өнімдерін тасымалдаған Орал тұрғыны ұсталды

515

Заңсыз темекі өнімдерінің жалпы сомасы 59 млн теңгені құрады.

Алматыдан контрабандалық темекі өнімдерін тасымалдаған Орал тұрғыны ұсталды Фото: mail.kz

Орал қаласының тұрғыны Алматыдан контрабандалық темекі өнімдерін ірі көлемін тасымалдап, қала базарларындағы бөлшек сауда орындары арқылы сатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол қомақты көлемде акцизделетін тауарларды сақтау, тасымалдау және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрін жүзеге асырған. 

Аталған факті бойынша ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қылмыстық іс қозғады.

Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, оған бір жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, заттай айғақтар одан әрі шаралар қабылдау үшін сот орындаушыларына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу