Алматыдан мемлекеттік бюджетке түсетін қаражат бірінші рет 3 трлн теңгеден асады

635

Бұл көрсеткіш Алматының бюджетке көп қаржы аударатынын көрсетеді.  

Алматыдан мемлекеттік бюджетке түсетін қаражат бірінші рет 3 трлн теңгеден асады

Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 929 млрд теңге мөлшерінде салық түсімдерін қамтамасыз етті. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша МКД басшысы Қанат Баеділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Спикердің айтуынша, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 153%-ға немесе 322 млрд теңгеге артық. Бұл қаражаттың 675 млрд теңгесі респукбликалық бюджетке түскен. Көрсеткіш 2021 жылға қарағанда 237 млрд теңгеге артық, өсу қарқыны 154%. Ал жергілікті бюджетке 254 млрд теңге түсті немесе 86 млрд теңгеге артық, өсу деңгейі 151%. 

2021 жылы Алматы қаласының бюджетінен республикалық бюджетке шамамен 190 млрд теңге алынған. Бұл көрсеткіш Алматының бюджетке "донор" екендігін көрсетеді. 

"Бүгін біз белгіленген қарқынды сақтауға міндеттіміз, бұл жағдайда ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласының мемлекеттік бюджетке түсімі алғаш рет үш трлн теңгеден асатын болады, бұл біз үшін маңызды оқиға және өзіндік сын-тегеруі болып табылады", – деп түйіндеді Қанат Баеділов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу