Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына екі және Ақтөбеге бір қосымша пойыз іске қосылады, деп жазды inbusiness.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
• "Алматы-2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" (Тальго) бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 20.07-де аттанады. Пойыз Нұр-Сұлтан қаласына 13 қаңтарда сағат 10.25-те келеді. Осы пойыз 13 қаңтарда сағат 21.20-да Нұр-Сұлтан қаласынан кері жөнелтіледі.
• "Алматы-2-Нұр-Сұлтан-1" қатынасындағы №205/206 пойызы Алматы-2-ден 2022 жылдың 12 қаңтарында сағат 22.05-те аттанып, елордаға 13 қаңтарда сағат 19.06-да келеді. Дәл осы пойыз Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 21:52-де кері қарай жолға шығады.
Ал "Алматы-2-Ақтөбе" бағытындағы №213/214 пойызы 2022 жылдың 12 қаңтарында сағат 12.33-те жолға шығады. Ақтөбеге 14 қаңтарда сағат 07.25-те келеді. Сол күні аталған құрам Ақтөбеден Алматыға сағат 15.00-де жөнелтіледі.
"Пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілгенін еске саламыз. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді", – деп хабарлады ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.